Иелері
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
#KiaGO
>
KiaGO: Алтын-Эмель
12 қыркүйек 2022

KiaGO: Алтын-Эмель

Қыркүйек айының соңында KiaGO: Қазақстанды ашамыз топтамасының алғашқы автошеруі өтті! Kia автокөліктерін мінген блогерлер мен журналистер тобы Алматы облысындағы Алтынемел ұлттық табиғи паркінің аумағында Қатутау және Ақтау тауларын ашты.

Kia-ның ҚР ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автошерудің мақсаты – Қазақстанда автокөлік туризмін дамыту, онша танымал емес туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Өз елінің жаңа қырларына тәнті болатын, оның қайталанбас сұлулығын айрықша тамашалайтын, табиғатпен тұтасуды сезінетін және туған жерге ұқыптылықпен қарау керектігін естен шығармайтын қазақстандықтардың санын көбейту.

 

Ұзындығы 800 км болатын Алматы-Алтынемел-Алматы екі күндік жүріс маршруты автобанның жолында тегіс бетонды жол жабындары да, быт-шыты шыққан асфальт та, ойлы-қырлы топырақты жерлер де кездесті, осылайша қатысушылар Kia автокөліктерін әртүрлі пайдалану жағдайларында сынап көрді. Бес автокөліктен тұратын лекке Sportage және Sorento кроссоверлері, сондай-ақ K5 седаны кірді. Соңғысы Қазақстандағы автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы бір рет дәлелдеп, барлық күрделі маршрутты еш қиындықсыз еңсерді.

Алтынемел ұлттық паркінің шығыс бөлігіндегі Қатутау таулары жанартаулардың әсерінен пайда болған екен. Лава атқылағаннан кейін қатайып, көптеген фантастикалық пішіндер, жартастар мен үңгірлер түзіліпті.

Ақтау бор таулары – Алтынемел аумағындағы ландшафты ең көркем және бірегей орын. Бұл бір кездері Іле шұңқырын толтырып тұрған ежелгі теңіздің түбі. Теңіз жойылғаннан кейін табиғаттың қалауымен мұнда төменгі жағы жасыл әрі қызыл түстен бастап жоғарғы бөлігі ала және ақ түске дейін түрлі түсті тау жыныстарынан құралған тік жартастардан әдемі аңғарлар мен шатқалдар түзілген.

Шеруді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалықтар ашуға және табиғатты тамашалауға көмектеседі. Бұл шабыттандыратын қозғалыс. Movement that inspires.